Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №71 мекемесі кадр саясаты тобының қызметкерлері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен өткен, «Жас маман-2024» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
2023-2024 оқу жылында университеттің күндізгі оқу бөлімінде, 37 мамандық бойынша 876 бакалавр оқуын аяқтауда. Құқық қорғау саласында қызмет етуге ниет білдірген болашақ мамандарға, бос лауазымдар бойынша жұмысқа шақыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді


