12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сәкен АБДОЛЛА, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы: «БІРЛІГІ БЕКЕМ ҰЖЫМНЫҢ ІСІ БЕРЕКЕЛІ»

Киелі Маңғыстау өңіріне қызметке мен 2007 жылы келдім. Сол кезден бастап 2011 жылға дейін облыстық сотқа төрағалық еттім. Сот саласындағы еңбек жолымда бірнеше аймақтың дәмін татып, бірнеше сотқа төрағалық ету мүмкіндігі берілген еді. Соның ішінде пір Бекет бабамыздың қасиетті қонысы, 362 әулие мекендеген киелі Маңғыстаудың жөні бөлек.

Бұл аймақ – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттың тілі мен дінінің, салт пен дәстүрінің ұясы болып отырған санаулы өңірдің бірі. Маңғыстау соты дегенде жадымда жаңғыратын бірнеше ірі іс бар. Оның біріншісі – ТМД елдерінің Жоғарғы Сот төрағалары қатысатын іргелі басқосуды Ақтауда өткізген кезіміз. Бұл басқосу үнемі Астанада ұйымдастырылатын. Сол жолы мәртебелі шараны қарт Каспийдің жағасындағы Ақтауда өткізсек деген ұсынысымызды басшыларға айттық. Көршілес елдердің сот төрағалары Қазақстанның өзге де қалаларын көрсін, еліміздің өркендеп, дамып жатқанына көздерін жеткізсін деген тілегімізді әріптестер мақұлдады.

Осылайша маңызды шараны Маңғыстау облыстық сотының ынтымақты, берекелі ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырды. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген әріптестеріміз шетелдерден келген қонақтарға қазақы қонақжайлылықтың үлгісін ғана көрсетіп қоймай, жұмысты шебер ұйымдастыра білетіндерін нақты іспен дәлелдеді деп ойлаймын. Төрағалық еткен төрт жылда қолымыз жеткен жетістік те, ұйымдастырылған шара да аз болмады. Мәселен, Маңғыстау облыстық соты республика бойынша ұйымдастырылатын спартакиаданың да орталығына айналды. Жалпы, Судьялар одағының жетекшілігімен қолға алынған бұл жарыстың мәні де, маңызы да зор. Өйткені, спартакиада – судьялар мен сот қызметкерлерін төрелік алаңынан тыс табыстыратын, әріптестік байланысын нығайтатын, бірлігін арттыратын, сонымен бірге, спорттық қабілет-қарымын шыңдайтын сайыс. Мұндай жақсы, сауапты істі үзбей жалғастырып келе жатқанымыз да сондықтан. Республика судьялары мен сот қызметкерлерінің аймақтық сайыстарында топ жарған дүлдүлдер сол жылы Ақтауға табан тіреп, доданың көркін қыздырғаны есімізде. Жалпы, төраға болу – төрде отыру емес. Төраға айналасындағылардың пікірін тыңдап, көпшілікпен санасқанда, ортақ тіл табысқанда ғана жұмыс өнімді болады. Айталық біздің сот 2009 жылы республика бойынша ең үздік сот болып танылды. Осы жылы Маңғыстау облысындағы соттардың ешбір үкімі жоғары сатыда бұзылмапты. Ал қылмыстық істерге үкім шығарудың қаншалықты күрделі, қаншалықты қиын екенін бәріміз білеміз. Бір жылда шығарылған үкімдердің ешбірінің өзгертілмеуі, бұзылмай қолданысқа енуі ұжымның сапаға жұмыс істегенін көрсетсе керек. Бәрімізге заң ортақ, талап бір. Дегенмен, аймақтағы жағдайға байланысты заңға сүйене отырып шешім қабылдайтын кездер де болады. Мәселен сол жылдары Маңғыстау өңірінде жол апаттары өте көп болды. Жол апатынан көз жұмған, жарымжан болып қалған азаматтардың тағдыры ешкімді де бейжай қалдырмады. Ең сорақысы, апаттың көпшілігіне көлікке ішімдік ішіп отырған жүргізушілер кінәлі болатын. Бейбіт, тыныш заманда қара жолдағы қайғының көбеюі кім-кімге де оңай тимесі белгілі. Ақыры судьялармен ақылдаса келе жүгенсіз жүргізушілерге жеңіл жазаны қолданбау туралы шешім қабылданды. Ол кездегі заң талабы бойынша мас күйінде рөлге отырғандарға альтернативті жаза ретінде айыппұл салуға да болатын. Ал облыс соттары мұндай жауапсыз жандарды жүргізуші куәлігінен айыруды қолға алды. Соның нәтижесінде көлікке мас күйінде отыратындар, жол апатын тудыратындар күрт азайды. Бұл да ұжымдық жұмыстың көрінісі. Маңғыстау облысының соттары ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда да алда тұр. Көрісу рәсімінен басталатын Наурыз мейрамы осы өңірде тамаша тағылыммен тойланады. Мұндай маңызды шараның жоғары деңгейде өтуіне соттар да үлкен үлес қосып келеді. «Ағадан – ақыл, ініден – ізет», «Жақсы аға – орман, жақсы іні – қорған» дейді бабаларымыз. Сол айтпақшы, сот саласының ісі ілгері басу үшін аға буын мен кейінгі буын арасындағы байланысты үзбеу маңызды. Осыны ескеріп біз Маңғыстау облыстық сотында ардагер-судьялармен кездесу ұйымдастыруды, дәрісін тыңдауды, кездесулер өткізуді әдемі үрдіске айналдырдық.

Сот саласының дамуына үлесін қосқан, осы жолда аянбай еңбек еткен Керек Қабақов, Итемген Орынбаев, Бақтыбай Көшев, Валентина Ким, Қалия Ахмедова, Сәрсен Қауылтай, Мағрипа Оразбаева секілді ардагерлер бізге әрқашан өнеге. Бұдан бөлек, сот ғимараттарының салынуы, сот жұмысына қатысты материалдық-техникалық мәселелердің оң шешілуі – дер кезінде қолға алынып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Міне, осындай бірлігі бекем ұжым биыл елу жылдық мерейтойын атап өткелі отыр екен. Осы жарты ғасырда Маңғыстау облыстық сотында еңбек еткен, сот жұмысының жандануына үлес қосқан барлық әріптестерімді мерейлі күнмен шын жүректен құттықтаймын. Заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғауда алдыңғы шепте тұрған ұжымның алар асулары, бағындырар биіктері көп болғай!

Алматыда қанша балл жер сілкінісі болғаны анықталды

Алматыда 5 балл жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды...

Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

Алматыда "Береке" базары аумағында өрт шықты.

В ДУХЕ СПРАВЕДЛИВОСТИ И СОРАЗМЕРНОСТИ

Уволенные по отрицательным мотивам государственные служащие смогут восстановиться на службе в зависимости от характера и тяжести проступка. Однако это не коснется лиц, совершивших коррупционные, а также тяжкие и особо тяжкие преступления.

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады

Қазақстанда машина жасау зауытын сату тоқтатылды

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді.