СҚО-ның 46 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды

Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімінің көші — қон қызметімен бірлесе отырып, сотталғанға Қазақстан Республикасының әрбір азаматының негізгі құжаттарының бірі-жеке куәлігін тіркеуге көмек көрсетті. Инспекторлар тұрғылықты жері бойынша құжаттау және тіркеу бойынша жұмыс жүргізіп, нәтижесінде сотталған көптен күткен құжатты алды.

Есепте тұрған азамат бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуде. Сотталған адам атап өткендей жеке куәлігін ол алғаш рет алды, себебі бала кезінде оның туу туралы куәлігі және басқа да маңызды құжаттары жоғалып кетті, осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу қиынға соқты. Енді сотталған адам барлық мемлекеттік қызметтерді толық пайдалануға, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік көмекке жүгінуге мүмкіндік алды.

«Құжаттарды алуға көрсеткен көмек үшін алғысымды білдіргім келеді. Инспекторлар менің өтінішіме жедел жауап берді және барлық рәсімдер тез өтті. Енді ресми түрде жұмысқа орналасып, анама көмектесіп, өз елінің азаматы ретінде жаңа өмір құра алатыныма өте қуаныштымын», — деп бөлісті сотталған.

СҚО бойына ҚАЖД

Қызылжар аудандық ПҚБ аға инспекторы

әділет капитаны                                                     

О.А. Григорьева

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...