Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі бағыты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып сабақтарды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Сотталғандармен алдын ала қысқа мерзімді курстардан өту мүмкіндігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта компьютерлік сауаттылықтың арнайы әзірленген практикалық курсы бойынша 30 сотталған білім алуда, оның 20-ы ерлер колониясында, 10-ы әйелдер колониясында. Оқу процесі күн сайын, онлайн форматта, мекеме оқытушыларының бақылауымен өтеді. Қажетті дәрістер мен тапсырмалар сотталғандардың әрқайсысының электрондық мекенжайларына жіберіледі.
5 модульдік курстың жалпы ұзақтығы 36 сағатты құрайды, оны аяқтағаннан кейін сотталғандар сертификат алады. Курстың әр модулінде практикалық бейнежазба және қорытынды тестілеу бар. Қорытынды нәтиже барлық модульдер бойынша тест тапсырмаларының нәтижелерінен тұрады. Бағдарламаға сәйкес сотталғандар келесі кеңсе бағдарламаларында практикалық дағдыларды игеруі керек: Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Point, Goggle аккаунты және Microsoft Teams.
«21 ғасырда компьютер өмірге мықтап енгені соншалық, қазір компьютерде жұмыс істеу дағдыларынсыз бірде-бір жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі аз. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарында болған кезде сотталғандар құнды кәсіби дағдыларын жоғалта бастайды. Сондықтан біз оқу мен даму үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Курстардың арқасында бұрын компьютермен жұмыс істеген сотталғандар жадты қалпына келтіре алады, ал басқалары оны нөлден қолдануды үйренеді. Болашақта босатылғаннан кейін олардың кейбіреулері осы бағытқа байланысты жұмыс табады деп үміттенеміз», — деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖД тәрбие бөлімінің бастығы Жанна Шакиржанова.
ҚАЖ мекемелері жағдайында кәсіби дағдыларды игеру сотталғанның әлеуметтік мәртебесін өзгертеді, оның жеке басының оң өзгеруін жүзеге асырады, бұл сотталғанның қоғамға дұрыс интеграциясына ықпал етеді. Білім алу мүмкіндігінің арқасында ҚАЖ мекемелерінің тәрбие қызметі тереңірек ашылады. Кәсіби дағдылардың болуы адамға түзету жолына түсуге және босатылғаннан кейін қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік береді.
Әділет лейтенанты
Зарина Байхадамова


