СҚО-да ПҚБ қызметкерлері сотталғандарға ерекше іс-шара ұйымдастырды

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ мәдени-адамгершілік тәрбие және рухани даму мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметі «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» КММ-нің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін акция ұйымдастырды.

«Абылай хан Резиденциясы» мұражай кешенінде, облыстық тарихи-өлкетану, СҚО полиция Департаментінің мұражайларында, сондай-ақ ботаникалық бақта есепте тұрған тұлғалар мен олардың балалары үшін экскурсиялар өткізілді.  Ерекше қызығушылық сотталғандар СҚО бойынша ПД жедел басқару орталығына танытты.

«Мен үшін бұл сапар көптеген жағымды эмоциялар тудырды, бәрі мазмұнды және есте қаларлық өтті. Есепте тұрғандардың көбісінің мұндай жерлерге баруға, әсіресе балаларына көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Мұражайлардың атмосферасы өте ұнады, барлық қызметкерлер мейірімді және сыпайы болды, бізді экспонаттар мен экспозициялар тарихымен таныстырды. Біздің инспекторларымызға және әкімдіктің ішкі саясат және тілдерді дамыту және спорт бөліміне сапарымызды ұйымдастырып, өнер әлеміне енуге бірегей мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс білдіреміз», — деп эмоцияларымен сотталғандардың бірі бөліседі.

Сондай-ақ, сотталғандар үшін кешенді түскі ас және тегін жол жүру қарастырылып, экскурсия соңында ауданның мәдениет үйінде шахмат-дойбы турнирі ұйымдастырылды. Іс-шара шай ішумен және турнир қатысушыларына естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды. Балалар үшін тәтті сыйлықтар дайындалып, сыйға тартылды.

«Сотталғандардың ер жартысын Абылайдың балалық шағы, есейген жылдары және хан болу тарихымен танысуға болатын Резиденцияның бірінші залы ерекше қызықтырды. Әйелдердің жартысы ботаникалық бақтың жылыжайына барып, оларды экзотикалық өсімдіктердің әртүрлі түрлерімен таныстырды. Сондай — ақ, сотталғандардың балалары мен немерелері отбасылық, туыстық байланыстарды нығайту және қайта әлеуметтендіру мақсатында шақырылды», — деді аға инспектор Алик Абильмажинов.

Мамлют аудандық ПҚБ бастығы

Әділет подполковнигі

А.С.Сеитова

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...

Совершенствование правовых механизмов 

С момента обретения Независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

Связь времен и поколений

Алматинский городской суд ведет работу по созданию исторического музея,...