СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қаза болған қызметкерлерді еске алды

Қазақстан полициясы күні аясында СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде, атап айтқанда 1997 жылғы 9 тамызда қашқан екі сотталғанды ұстау әрекеті кезінде қаза  болған ЕС-164/4 мекемесінің қызметкері ішкі қызмет капитаны С.К.Омаровтың, 6637 ротасының әскери қызметшілері ефрейтор А.А.Сәрсеновтың және қатардағы жауынгер Б.А.Құсаевтың құрметіне орнатылған монументке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Гүл қою рәсіміне СҚО бойынша ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелер басшылығы, Омарова С.К. жұбайы, ҚАЖ ардагерлері, Заградовка ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

«Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жұмысы үлкен тәуекел мен жауапкершілікпен байланысты. Біз әрқашан да қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің табандылығы мен батылдықтарына құрметпен қараймыз. Ерік-жігерді, рухтың мызғымастығын көрсете отырып, олар басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін құрбан етіп, қызметтік міндеттерін абыроймен орындады. Олардың есімдері тарихта мәңгілікке жазылған»,- деп әділет полковнигі Әділет Мұстафинов батырларды еске алды.

Сонымен қатар, Департамент басшылығы Горное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, олардың арасында бұрын ЕС-164/4 мекемесінде қызмет еткен қылмыстық-атқару жүйесінің көптеген ардагерлері де бар. Департамент бастығы барлығын мерекемен құттықтап, Заградовка ауылдық округі әкіміне «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін табыстап, өзара ынтымақтастық үшін алғыс айтты.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...