Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу іс-шарасы өтті

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде жеке құрам арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысқан Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі Ануар Омаров: адалдық, парасаттылық және адамгершілік төңірегінде сөз бастап, әр адам өзін құрметтесе, еліне адал қызмет етсе ғана жемқорлық дертінің толық жойылуына қол жеткізуге болатынын айтты. Департамент өкілі мекемедегі жаппай бейнебақылау жүйесінің жұмыс барысын тексеріп, камераларды бақылау пунктінің бақылаушысы қызмет барысына бағалау жүргізді.

«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін ұстанып келеді. Қызметтік тәртіп мәселелері біздің ведомствода басты орынға ие және тәртіп бұзушыларға қатысты түбегейлі саясат нәтиже беріп келеді.»-деп сөзін аяқтаған мекеме бастығы кадр саясаты бөлім бастығына тәртіпті үнемі нығайтуға бағытталған жұмыс тұрақты түрде жалғастыруға тапсырма берді.
Фото мен материалды дайындаған №19 мекеменің кадр саясаты бөлім бастығы Жумаханова Дидар

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...