12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті»

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлыққа қатысты атқарылған жұмыстар аз емес.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенін қатаң ескертіп, оған қарсы мемлекет пен қоғам жұмыла кірісу керектігін айтып, «Жемқорлық-мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер. Біздің түпкі мақсатымыз-жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін оған қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» деген.
Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай жағдайда оларға ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұмылдырудың нақты көрінісі болып отыр. Бұл бастама алғаш енгізілгенде қарапайым халықтың бірден қабылдай қоймағаны рас. Себебі, жұрт бұған дейін сыбайлас жемқорлық секілді тамырын тереңге тартқан кеселді жеңуде септігін тигізе алады дегенге сене қоймайтын. Ынталандыру тетігі кез келген азаматтың өзіне деген сенімін нығайтты. Көп болып күрескенде, жұдырықтай жұмылғанда кемшілікті түзеуге, кеселді жеңуге болатынын ұғындырды.
Жаңадан қолданысқа енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Яғни, құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалған.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу – тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық азаматтардың парызы.
Мұндай ауыр кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен және бүкіл ел, қоғам болып қолға алуымен тоқтатуға болады.
Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы ең алдымен мемлекеттің беделіне, сонымен бірге, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықтың ең кең таралған түрі – пара алу және пара беру. Мұндай қылмыстарға барғандарға заң бойынша берілетін жаза қатаң. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366, 367-баптарында пара алғаны үшін, пара бергені үшін мүлкі тәркіленумен бірге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, пара алғаны үшін параның елу еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге, пара бергені үшін параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға не үш жылдан он екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген. Егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бірінші рет сыйлық түрінде мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзге де мүліктік пайданы алу бұрын жасалған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен құдалануы мүмкін. Бұл жерде айта кететін бір жайт, парақорлыққа делдал болу да жазасыз қалмайды. Парақорлыққа делдал болу, яғни, пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе оны іске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айыруға жазаланады делінген.
Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша сотталған мемлекеттік қызметкер барлық шендік сыйақыларынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынады, шартты жаза тағайындалмайды, алынған параға қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленеді. Яғни, құқықтық нормалар шегінде парақордың пара алу мүмкіндігін шектеп қана қоймай, пара алудың өзін тиімсіз ету қолға алынды.
Әрбір ұжымда бұл қылмыстың қаншалықты ауыр екенін, оның мемлекетке үлкен зиян келтіретінін әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек.
Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймын.

Түркістан облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...