12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ  міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайқайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу.

Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алғашқы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың заңнамалық базасын жасақтап, жүйесін әзірледі. Бұған басты айғақ — 1998 жылы 02 шілде күні қабылданған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. Аталған Заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық  көріністерінен туындайтын қауіп қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа  байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу сияқты ізгі мақсаттарды көздейтіні оның 1-ші бабында айтылған. Бұдан соң 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мемлекеттік қызмет жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Отандық заңнаманы дамытудың  маңызды кезеңі  болды. Заңға сәйкес  мемлекеттік қызметтің принциптері бекітіліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы сараланды. Аталған заңның 9-шы бабында көрсетілген мемлекеттік қызметшілірдің негізгі міндеттері және 10-шы бабына сәйкес белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты  шектеулер сыбайластықты тежеуге үлкен септігін тигізді деп сеніммен айтуға болады.   Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» да жемқорлыққа қарсы құқықтық актілердің қатарына қосуға болады. 2005 жылы 03 мамыр күні мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң қабылданды. Сонымен қатар, парақорлық пен жемқорлықтың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту мақсатында 2007, 2009 жылдарда ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабына, яғни қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, 311 бабына, яғни пара алу, 312 бабына, яғни пара беру,  313 бапқа, яғни парақорлыққа делдал болу, 314 бабына, яғни қызметтік жалғандық жасау, толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Мысалы 311 бапты алсақ, ол жаңа 5 бөлігімен толқытырылды, яғни енді аса ірі мөлшерде пара алған үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы параға байланысты ҚК-тің барлық баптарында жауапкершілік күшейтілді.  Осындай өзгерістер арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық -адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына қойылатын талаптар күшейтілді.

Сонымен қатар, бұл заңнамалық актілер демократиялық негіздері, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы

– адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынандай бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді:

— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;

— мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;

-мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау;

— сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту;

— әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;

-халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттк бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді.

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күресті басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия – Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Елбасы биыл 28 қаңтар 2011 жылғы да   өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады», — деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресі үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Мемлекеттік қызметкерлердің әр қайсысы өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, Еліміздің Президентінің саясатын қолдап, оны жүзеге асыруға өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдардың, Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге  міндетті.  Ал еліміздің әр азаматы өз тарапынан бұл дертке жол бермей, мемлекеттік қызметшінің пара алуына себепші болудан аулақ болуға тисті. Тек көп болып қолға алғанда ғана жемқорлықтың жолына тосқауыл қойылары сөзсіз.

                                               Бибитгуль Менситова,

Атырау облысы

Құрманғазы аудандық сотының судьясы 

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...