12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ міндет

Мемлекетіміздің даму жолындағы кедергілердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Жемқорлықтың салдарынан заңды белінен басып, түрлі заңсыздықтарға жол беріледі. Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң бар. Заң барлық салада үстемдік етуі қажет. Қызылорда облыстық сотында да сыбайлас жемқорлыққа, оның салдарына қарсы саясат дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

Судьялар мен сот мамандарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуі үшін жоспарлы іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, ұжымдық жиындар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен кездесулер ұйымдастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңанамалар түсіндіріліп, мамандар өз көзқарасын білдіріп, басылымдарға мақала жариялайды. Басты мақсат облыстық сот қызметінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмау. Себебі судья мен сот хатшыларының әдебі, қызметтеріне адалдығы маңызды.

Сенімге селкеу түсірмейтін судья — сот жүйесінің бетке ұстар азаматы болмақ.
Аталған заң мемлекеттік қызметшілердің заңсыздыққа жол жол бермеуін басшылыққа алады. Сондай-ақ заңда олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бастамасы мен жетістіктерін жоққа шығаратын, ұлтық қауіпсіздікке қауіп төндіретін дерт.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір сот саласы маманының азаматтық борышы.
Әр адам өз бойында жемқорлыққа қарсы мәденитет қалыптастыруы қажет.
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұл «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи» деген.

Яғни әрбір азаматтың қызметінде, қоғамдағы алар орнында адалдығы маңызға ие.
Сондықтан әрбір маманның санасында жемқорлыққа қарсы тұру ойы болғанда ғана жемқорлықпее күрес нәтижелі болмақ.

М.Ш.Ибрашев, Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы,

Қызылорда облысы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...