12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья әдептілік өлшемінен аттамауы керек

Сот билігі – мемлекеттегі үш мәртебелі биліктің бірі. Сотқа ақ пен қараны анықтап, мемлекет атынан үкім шығару құзыреті жүктелген. Бұл жауапты міндет. Заң мен арды басшылыққа алып төрелік ететін судья қызметінің қиын екені рас. Бұдан бөлек, мемлекеттегі әділдік бен қауіпсіздіктің кепілі болған судьяға әдептілік өлшемінен аттамау, кісілік келбетіне көлеңке түсірмеу парыз. Мұның бәрі жиналып келіп сот беделін нығайтуға, сотқа деген сенімді қалыптастыруға ықпал етеді.

 Әрбір судьяның кәсібилігіне, өз лауазымдық міндетін заң тұрғысынан лайықты орындау қабілетіне қарап жалпы қоғамның сотқа деген оң көзқарас орнығады. Туралық пен заңдылыққа жауапты болғандықтан халықтың осы мамандық өкілдеріне моральдық тұрғыдан жоғары талаптар қоюы түсінікті. Бұл талап судьяның тек қызмет барысында ғана емес, қызметтен тыс кездегі іс-әрекетін де ақылмен, оймен жасауын көздейді. Судья өзінің әдепті жүріс-тұрысымен, кез келген ортада өзін-өзі ұстау үлгісімен, көркем сөйлеп, таза да жарасымды киінуімен, айналасындағы адамдарға жылы қарым-қатынасы арқылы өз мәдениетінің жоғары екенін дәлелдеуімен үлгі бола білуі керек. Одан бөлек, судья мамандығын таңдаған адам өзінің тәуліктің 24 сағатында қоғам бақылауында екенін ұмытпағаны абзал. Судья болу – қарапайым өмірдегі тыйым, шектеулерге көндігіп, үзіліссіз жұмыс жасауға шыдамды болу.

Қарапайым адамдар еркінсуі, жүрегі қалаған іс-әрекетті жасауы, көпшілік алдында айқайлап ән айтуы, тіпті көңіл-күйдің ырғағымен түрлі оғаш әрекеттер жасауы мүмкін. Мұны жұрт адамның қиын жұмыстан кейін бір сәт босаңсуы, демалуы деп қабылдап жатады. Ал дәл осы әрекеттерді судьяның жасауы – қоғам үшін нонсенс. Сондықтан, әрбір судья заң шеңберінен шықпауға, сот беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден қашық жүруге тиіс.

«Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңының 28-бабы 1 бөлігіндегі 2-тармағына сәйкес, судья сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға тиіс екені дәйектелген. Әдептілікті сақтау – әр судьяның міндеті.

М.Әміров,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының төрағасы

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...