spot_img
spot_img

Судья тәуелсіздігі бәрінен маңызды

Елімізде әрбір азамат өзінің құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға құқылы. Оған еліміздің бас құжаты Ата заңда нақты кепілдік берілген. Ал сот төрелігінің Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылуы, сот төрелігін іске асыру барысында тек ел Конституциясы мен заңдарға ғана бағынуы судьяның біліміне ғана емес, адамгершілік және моральдық кескін-келбетіне де жоғары талаппен қарауды міндеттейді. Сондай ақ ол билік атынан шешім шығаратын болғандықтан судьяның шешіміне ғана емес өзін өзі ұстауына, әдебіне үлкен жауапкершілік қойылған.

Көп жағдайда «Судья – сөйлейтін заң» деп деп жатады. Сондықтан, судья болуға тәуекел еткен адам қазылыққа қойылатын жоғары талаптарды сақтап, белгіленген шектеулерге мойынұсыну қажеттігін ұғынуы шарт. Судья сот беделіне нұқсан келтіретін қоғамдық іс-шаралар мен өзге де көпшілік орындардан өзін аулақ ұстап, қашан да абырой биігінен көрінуі тиіс. Өйткені мемлекет атынан сөйлейтін тұлғаға көп нәрсе байланысты. Сондықтан жыл өткен сайын судьяларға қойылар талап та жоғарылап келеді. Әсіресе судья әдебі кодексінің қабылданып, жауапкершілік жүгінің арта түскенін байқаймыз.

Судья әдебінің нормалары «судья сот төрелігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз және заңға ғана бағынуы тиіс» деген ұғыммен шектелмейді. Қоғам сот әділдігін жүзеге асыруда судьяға сенім арта отырып, оның сот ісін қараудағы моральдық ұстанымына сенімді болуы үшін, судьяның ешкімге жалтақтамайтын тәуелсіз екеніне, объективті шешім қабылдай алатынына және бейтараптығына толық көзі жетуі маңызды. Ол үшін судьяның қызметтік міндеттерін адал атқаруына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс. Судьяның мінсіз қызметі арқылы халықтың мемлекетке де сенімі арта түсетінін ұмытпауымыз қажет. Ендеше, мемлекет атынан сот билігін жүзеге асыруға сенім білдірілген әрбір судьяның  міндеті  қоғам тарапынан білдірілген сенімді ақтап, тәуелсіз еліміздің сот жүйесінің дамуына барынша күш-жігерін жұмсау болып табылады.

Осы орайда елімізде судьяларды іріктеу жұмысы да жыл өткен сайын қатаңдатылып келеді. Сондықтан судьяларға күшейтілген талап еліміздегі сот саласының жұмысының да сапасын арттырып, халықтфң сотқа деген сенімін арта түсері анық.

Киянбекова Асель Ерлановна, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы


Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...