12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья мәртебелі мамандық

Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Осыған орай, азаматтардың құқығын қорғауда сот төрелігінің атқарар міндеті мен оған жүктелер жауапкершілігі күн санап өсіп келе жатыр. Әсіресе сот саласының негізгі тұлғасы судья мамандарына қойылар талап пен жауапкершілік жыл санап өсіп келе жатыр. Судья билік тарапынан шешім шығаратын болғандықтан, халықтың мемлекетке деген сенімі де судьялар арқылы қалыптасады. Сондықтан судьялар қара қылды қақ жарған — әділ, білікті де, білімді, «бармақ басты көз қыстыдан» ада — таза, кәсібилікпен қоса адами қасиеттері де мол тұлға болуы керек.

Елде демократиялық қағидаларды орнықтыру, халықтың бостандығы мен құқығын қорғау қажеттігін ерекше назарда ұстау сот жүйесінде негізгі талаптардың бірі болып саналады. Сондықтан осы қызметті ұйымдастырар судьяларға көп нәрсе байланысты. Сондықтан судьяларға қойылар талап та жыл сайын күшейіп келеді. Судьялардың әдеп кодексі судьялардан антқа адал болуды талап етеді. Сондай-ақ, судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұруға тиістігі ескертілген.
    Кодекске сай, судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және процеске қатысушылар мен басқа да сот отырысына қатысушы адамдардан сондай жүріп-тұруды талап етуге, сот төрелігінің әділдігіне қатысып отырған адамдардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануы тиіс. Судья сот төрелігін жүзеге асыру барысында ұдайы шиеленістер мен қайшылықтар алаңында тұрады. Бұл олардан мейлінше ұстамды, сабырлы, салиқалы, іскер де тапқыр, тез шешім қабылдай алатын, жоғары парасат иесі болуды талап етеді.
    Қазының заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығына қатысты жария мәмілелер жасауына да тыйым салынған. Өйткені мұндай жағдай сот жүйесінің абыройын түсіруі, сот төрелегінің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін. Судья әрқашан бейтарап шешім қабылдауға тиіс. Ол тек Конституция мен мемлекеттің қолданыстағы заңдарына негізделуі тиіс.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жоғарғы Сот кеңесіне сот корпусына мықты кадрларды іріктеу, судьялардың кәсіби шеберлігін шыңдау міндетін жүктеп отыр. Демек алдағы уақытта да судьялардың жауапкершілігі күшйтіле бермек.  Жалпы құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында судьялардың кісілік келбеті, моральдық бейнесі, тазалығы басты назарда болмақ!

Алмабекова Кулмира Абиловна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...