Спорт — денсаулық кепілі

Спорт — салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа арнасаң, ауруға шалдығу қаупі 30 пайызға азаяды. Қазіргі уақытта әр күнін тиімді пайдаланып, спортпен айналысатындар үшін арнайы алаңдарда барлық жағдай жасалған. Тек табандылық пен төзімділік болғаны жеткілікті.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Сол үшін, денсаулығымызға аса мән беріп, спортпен айналысу қажет. Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдасы мол.
Спортпен дұрыс шұғылдану – адамның иммунитетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға көмегін тигізеді және есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйықтай алмау қиындығынан құтқарады. Ағзаның иммунитетін көтеріп, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына айрықша септігін тигізеді. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда бір мезгіл жаяу жүру керек.
Жеке құрамдағы арнайы сапалардың қалыптасуына және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтауда қамтамасыз ете отырып дене даярлығы жауынгерлер әскери дайындығының қолдаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Жоғарғыда атап өткендей Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменттің қызметкерлері Алматы қаласы Медеу мұз айдынында дене шынықтырумен айналысты.

әділет капитаны Г.Душева

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...