12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шешімі орындалуымен құнды

Соттарда сот ісін мәні бойынша қарап болған соң түпкілікті нысанда сот актісін қабылдайы. Азаматтық іс жүргізуде бірінші сатыдағы сот АПК-нің 21-бабының бірінші бөлігіне сай сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары нысанында, ал апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.

Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АПК-нің 223-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.

Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады және Республиканың бүкіл аумағында орындаушылық күшке ие болады.

Сот шешімі – бірінші саты сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу (дәлелдеу) және қарар бөлiктерiнен тұрады.

Сот шешімінің түзілуі «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы  11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысында көрсетілген.

Кіріспе бөлімде шешім шығару уақыты мен орны, соттың толық атауы,  соттың құрамы, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Егер дау бірнеше талапты қамтитын болса әр талап нөмірленіп бөлек-бөлек жазылады. Сондай қарсы талап қоюлар да осы бөлікте көрсетіледі.

Сипаттау бөлімінде талап қоюшының талабы, талапта көрсетілген мән-жайлар, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері, пікірлері жазылады.

Егер талап қоюшы қойған талабының негіздері мен нысанасын өзгертіп, оның мөлшерін азайтса, шешімнің осы бөлігінде көрсетілуі тиіс.

Шешімнің уәждеу бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни, іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі.

Уәждеу бөлікте сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге жазылады. Алайда олар қандай да бір басымдыққа ие болмайды және сот үшiн мiндеттi болып табылмайды. Ол басқа дәлелдемелердiң жиынтығында бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын бағалау шешiмнiң толық негiзделген бөлiгiнде берiлуге тиiс. Бұл орайда сот сарапшы қорытындыларының немен негiзделгенiн, сараптамаға ұсынылған материалдардың толық зерделенгенiн оларға тиiсiнше талдау жасалғанын көрсетуге тиiс. Сарапшының қорытындысымен келiспейтiндiгiн сот өз шешiмiнде негiздеуге мiндеттi.

Егер жауапкердiң талап-арызды мойындауы қандай да бiр адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын болса, онда сот шешiмнiң осы бөлігінде талапты мойындалғанын және оның сотпен қабылданғанын көрсетедi.

Сонымен қатар уәждеу бөлікте сот шығыстары да көрсетіледі.

Ал шешімнің шешуші қарар бөлімде іс бойынша қабылданған шешім көрсетіледі. Атап айтқанда өндіріп алу сомасы, міндеттеу, сондай-ақ осы бөлімде шешімге шағымдау тәртібі көрсетіледі.

Шешiмнiң қарар бөлiгiне мәнi бойынша қаралмаған талап қоюдың талаптары бойынша сот қорытындыларын енгiзуге жол берiлмейдi. Осы талаптар бойынша сот қорытындылары шешiмнен бөлек ұйғарым нысанындағы (арызды қараусыз қалдыру, iс жүргiзудi қысқарту туралы) сот актiсiнде баяндалуға тиiс.

Ақша қаражаттарын өндiрiп алу туралы шешiмде сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығара отырып, шешiмде өндiрiп алынатын ақша сомасының мөлшерiн цифрлармен және сөздермен, валюта түрiн және ақша өндіріп алу туралы шешім қай тараптың пайдасына шығарылғанын, шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiмде шартты жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi.

Ал мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiмде мүлiкті заттай алып берген кезде сот шешiмде оның жеке белгілі бір белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетін мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiп алынуға тиiс мүлiктiң құны, жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiмде сот жауапкердi мүлiкті немесе ақша беруге байланысты емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарған кезде азаматтың, заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жауапкер жасауға міндетті әрекеттер мен оларды жасау мерзімін көрсетеді.

Айнұр Әбілқайысқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...