12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот төрелігінде аудармашының маңызы зор

Сот – әділдік орнайтын, тура төрелік салтанат құратын орын. Сот алаңында тараптардың бәрі тең. Мемлекет өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғағысы келген азаматтарға теңдей мүмкіндік беріп, теңдей жағдай жасаған. Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған, халықтың осал тобына мемлекет тарапынан тегін заң көмегі берілсе, тіл білмейтін азаматтардың аудармашы көмегін пайдалануына толық құқығы бар. Дегенмен, істің әділ таразылануында аудармашының ролі зор.

Яғни, іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті білмейтін іске қатысушыларға, сарапшы, куә, т.б. сотта ана тілін немесе өзі білетін басқа да тілді пайдалану құқығы беріледі. Мұндай тұлғалар сот отырысында аудармашы қызметін ақысыз пайдаланды. Ал аудармашылар қызметіне төленетін ақы бюджеттен төленеді. 

Жалпы аудармашы ретінде сотқа іске мүдделі емес адам қатыстырылады. Аудармашының сот ісі жүргізілетін тілді жетік білуі маңызды. Сондай-ақ саңырау, мылқау адамдар сот отырысына шақырылғанда олардың қарым-қатынас жасау техникасын еркін меңгерген мамандар сотқа шақырылады.

Сот төрелігін шығарудағы басты тұлғаның бірі болғандықтан аудармашының нақты құқықтары заңмен қарастырылған. Соған сәйкес, аудармашылар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыру кезінде сотқа қатысушылар сөзін бұрмаламай, дұрыс аударуы қажет. Егер қандай да бір екіұштылық, түсініксіздік пайда болған кезде аудармашы қатысушыларға қажетті сұрақтар қою арқылы мәселенің басын ашып алуы тиіс. Сондай-ақ, сот отырысының хаттамасымен танысқан маман аударманың дұрыс әрі толық екенін растап қол қоюы,  немесе өзгерістер енгізуі қажет.

Сот отырысында қаралатын іс бойынша сауатты аударма жасауға қабілетінің жетпейтінін білген аудармашының бұл қызметтен бас тартуға толық құқығы бар. Сондай-ақ, сот отырыстарына толық қатысып, өзіне жүктелген міндетті өз дәрежесінде орындаған аудармашыларға сыйақы төленеді.

Осындай үлкен жұмыс жүктелген аудармашылар сотқа шақыру бойынша келуге; аударманы толық және дұрыс жүзеге асыруға; өзінің қатысуымен өткізілген сот отырысының хаттамасында, сондай-ақ өзіне аудару үшін берілген өзге де құжаттарда аударманың дұрыстығын өзінің қолтаңбасымен куәландыруға тиіс. Бұдан бөлек, аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және өзге де деректерді жария етпеуге; сот отырысы кезінде тәртіпті сақтауға міндетті.

Г.Бейсенова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...