12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот залынан

Ақтөбеде сот жұмыс берушіден еңбек жарақатын алған қызметкердің пайдасына 11 млн теңге өндірді.

1983 жылы талап қоюшы Жайсан ауылдық кәсіби техникалық училищесінде тракторшы ретінде қабылданып, онда ол 2008 жылға дейін жұмыс істеген.

1988 жылы трактордың техникалық ақаулығына байланысты машина жұмысшының оң аяғын басып кетіп, өндірістік жарақат алған. Жазатайым оқиға салдарынан қызметкерге мүгедектіктің үшінші тобы мерзімсіз берілген. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес оңалту бойынша арнайы іс-шаралар мен қызметтер қажет.

1993 жылы жұмысшы аяғының төменгі жағына өздігінен протез қойып, содан кейін ол денсаулығына шағымданбай, жұмысын жалғастырған.​

Қазіргі уақытта протезді ауыстыру қажеттілігі туындаған, өйткені орнатылған протез толық жарамсыз болып қалған, осы протезбен тіршілік әрекетінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес, алайда, оны өз бетінше ауыстыруға қаражаты жоқ.​

Қызметкер тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінген кезде протез және оңалту қызметтерін беруден бас тартылған, өйткені бұл іс-шаралар мемлекеттік қолдау шеңберінде көрсетілмейді, яғни, жарақат еңбек жарақаты болып табылады және тек жұмыс берушіден өтелуге жатады.

Осыған байланысты қызметкер сотқа протездеу шығындары мен моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен жүгінген.

Сотта жұмыс беруші ескіру мерзімін қолдануды және талап арыздан бас тартуды сұраған.

Сот барлық мән-жайлардың жиынтығын объективті бағалай отырып, парасаттылық пен әділеттілік критерийлерін негізге ала отырып, училищенің  құқықтық мирасқорынан 8 053 350 теңге протездеуге арналған шығындарды және 3 000 000 теңге моральдық зиянның өтемақысын  өндіру туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...