12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СОТ БИЛІГІНДЕГІ СЕНІМ МЕН СЕРПІНДІ ҚАДАМДАР

Қазақстан судьяларының VII съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің аса маңыздылығын айта келіп, сот жүйесінің тәуелсіздігіне айрықша назар аударды. Президенттің: «Әділ сот төрелігі және азаматтарымыздің сот билігіне деген сенімін арттыру міндетті шарт болуы керек. Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты ешкімде күмән болмауға тиіс,- деп атап өтуі — сот билігін, оның құзіретін жаңа деңгейге көтерді десек, артық айтқандық емес.
Ал 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі» туралы Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің аса маңызды тұғыры болды деуге болады.
Атап айтқанда, соттар мен судьялардың мәртебесі Конституциялық заңмен белгіленді. Соттар бір жүйеге біріктіріліп, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудің оңтайлы және тиімді негізгі қаланды. Конституциялық заң сот құзіретінің шегін айқындап, судьялар сот төрелігін жүзеге асырған кезде тек заңға ғана емес, әділеттілік, моральдық, құқықтық және саяси ұғымға сүйенетін болды.
Сот жүйесінде болып жатқан өзгерістер халықтың сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез-келген тұлғаның өз құқығын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, сол арқылы азаматтарымыздың сот билігіне сенімін күшейтті.
Ал үстіміздегі жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және оған ілеспе заңға қол қойғаны белгілі.
Осы заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек Бас Прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі. Конституциялық заңға енгізілген мұндай өзгерістер судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға зор ықпал еткені сөзсіз.
Мемлекет басшысының еліміздегі сот билігіне, оның тәуелсіздігі мен төрелігінің биік деңгейде, бекем нұсқада болуына барынша назар аударуы — бабаларымыздың: «Билік айту оңай, біліп айту қиын» деп, дауларға төрелік етудің қаншалықты ауыр әрі жауапкершілігі мол екенін сезіндіргендей болады.


Жанат Мүсірәлі,
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...