12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа деген құрмет әрқашан маңызды

Қазақстан егеменді ел болып, еңсесін тіктеп, еркін тыныс алғанына міне отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында Тәуелсіз Қазақстан дамыған елдермен терезесі тең дәрежеге жетіп, жылдан жылға қарыштап дамып келеді. Тәуелсіздік тұғырын бекітіп, мерейін өсірген саланың бірі – сот. Бұған отандық соттың отыз жылда жүріп өткен жолына, ізденістері мен іркілістеріне қарап отырып көз жеткізу қиын емес. Жалпыға бірдей сот әділдіктің жаршысы, ақиқаттың алдаспаны.

Сотқа деген құрмет әрқашан маңызды. Оның ең алғашқысы сот отырысына уақытылы, кешікпей келуден басталады. Ал бізде сот шақыртуын, хабарламаны алып тұрып процеске келмейтіндер бар. Ақиқатты ашуда маңызы бар кез келген дәйек ортаға салынып, кез келген куәгердің пікірі назарда ұсталатын сот алаңына келмеу сот отырысының кейінгі шегерілуіне түрткі болады. Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда осындай бір жауапсыз адамның әрекетінен қаншама қатысушы зардап шегіп, уақытын текке кетіреді. Осы ретте азаматтар сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу деп түсінген дұрыс.

Адам тағдыры шешілетін сот алаңындағы тәртіпті сақтау баршаға міндет. Сот ғимаратына кіруден бастап, қауіпсіздікті сақтау, сот залында міндеттелген қағидаларды қатаң басшылыққа алу барша қатысушылардан талап етіледі. Сот мәжілісіне кіретін азаматтардың жеке басын анықтап, күмәнді заттарды алып кірмеуіне тосқауыл қою — сот төрелігі өз деңгейінде өтіп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек.

Сот – мемлекет атынан төрелік етіп, үкім шығаратын биік құзырға ие орган. Соттың шығарған шешімдерінің, үкімдері мен қаулыларының міндетті күші бар, ол мемлекет аумағында күмәнсіз орындалуы тиіс

Сонымен бірге сот тарапынан процеске қатысушылардың сот отырысына дер кезінде қатысу, тәртіпті сақтау, шындықты айту, әр сөз бен әрекетке жауаптылықпен қарап, айналасына құрмет көрсету талап етіледі. Кейде дәл осы талаптарды белден басып, өзінің құқықтық мәдениетінің кемдігін көрсететіндер де қоғамда аз емес.

Әрине, сот – дау алаңы. Ол жерде өз құқығын қорғап, өз сөзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін тараптардың ашуға берілетіні, қызбалық танытатыны рас. Бірақ, төрелік алаңында ешкімнің сөзін бөлуге, сот залында отырып айғайлауға, өзгелерді балағаттауға болмайды. Судьяның сот процесін жүргізуіне кедергі келтіретіндер жазасыз қалмайды.

Сотты құрметтемеу жауаптылығы заңда айқындалған. «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның өкімдеріне бағынбаған, оны балағаттаған, рұксатсыз орнында отырып сөйлеген, алкогольдік ішімдік ішкен күйде отырысқа келген, сонымен қатар, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмегендерге Азаматтық процестік кодексе сәйкес жаза тағайындалады. Кодекстің 188-бабының талаптарына сәйкес, процеске қатысушы тұлға тарапынан сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған жағдайда сот кінәлі адамға 120-бапта белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданады. Ал енді сот шақыртуына себепсіз келмегендер және жалтарған тұлғалардың әрекеті де сотты құрметтемеу болып саналады. Мұнай әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1,2-бөліктерінің талабына сәйкес қаралып, құқық бұзушыға ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сондай-ақ, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының приставы

Б.Қ.Кушкинбай

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...