12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттың белсенді рөлі

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Кодекстің 16 бабында соттың белсенді рөлі қарастырылған.  Онда: «Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды» — делінген.
Мысалы, соттың белсенді рөлі қадиғасын пайдалана отырып талап қоюшыға сот құқықтық көмек көрсетеді,  яғни талап арыздағы кемшіліктерді жоюға, жауапкер дұрыс көрсетілмесе, тиісті жауапкерді ауыстыруына, талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алатындығын, мемлекеттік бажды дұрыс төлемесе қанша және қайда төлейтіндігін, т.с.с. түсіндіре отырып, әкімшілік органмен сотта теңсіздігін жоюға әрекет жасайды.
Сот жүйесінде аталмыш принциптің жүзеге асырылуы азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын тиімді қорғалып және қалпына келтіріліп жатқандығын анық байқауға болады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін сот өз бастамасымен дәлеледемелерді жинауға құқығы болмайтын, тек тарапатардың дәлелдемелері негізінде ғана шешім шығаратын.
Қазіргі танда жағдай өзгеріп, аталмыш кодекстің 130 бабына орай, егер әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болып табылса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды.
Сонымен қатар, соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны үшін сот ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі.                    Сот татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді, егер оның шарттары заңға қайшы келетін болса немесе басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, бекітпейді.
Осы әрекеттер арқылы, судья халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға үлес қосатыны сөзсіз!


 
Ақтөбе облысының МАӘС
бас маманы-сот отырысының хатшысы: Г.Е.Усенова

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...