Соттағы  медиация туралы

Медиация – тараптардың  дауды өзара  екі жақты келісіп шешетін шара. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.

Қазақ  халқы үшін  бітімгершілік — билік айтудың ең озық өнегесі.    Қазақстан  Республикасында «Медиация» туралы Заңының қабылдануы оң өзгерістердің жүзеге асырылуының айқын көрінісі. Негізінен айтқанда, бұл қазақ халқының билері мен ата бабалар тағылымын, әдет- ғұрпын  қалпына келтіруге жасалған игі қадам деп есептесек қателеспейміз.

Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Олар туындаған дауларды билер, шешендер немесе ақсақалдар әділ шешіп отырған. Қазақ даласындағы билер Төлеби, Қазбек би, Әйтеке билер ел арасындағы дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халықтың ауызбіршілігін мен тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға мәлім.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабында татуластыру рәсімдері көзделген. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіткен кезде сот талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы ұйғарым шығарады. Татуласу келісімі келген кезде төленген мемлекеттік баж қайтарылады. Медиациялық келісімді орындамаған кезде, талап қоюшының өтініш негізінде атқару парағымен мәжбүрлеп орындауға жолдайды.

Осы тұрғыда сот тәжірибесінен мысал келтірер болсам, талап қоюшы А., жеке сот орындаушының әрекетіне дау айту туралы әкімшілік талаппен сотқа жүгінді. Алдын ала тыңдалымда талап қоюшы өзіне қатысты атқару өндірісімен таныспағандығы туралы айтты. Сот екі тараптың уәждерін тыңдай келе, істі бітімгершілік келісімімен аяқтауға шақырды. Талап қоюшы мен жеке сот орындаушы бітімгершілік келісімге келді. Бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап жауапкер заң талаптарына сай атқару өндірісімен таныстыруға міндеттенді және талап қоюшы жауапкер әрекетіне дау айту туралы әкімшілік талабын кайтарып алатын болды.

Сөйтіп екі тарап медиациялық келісімге келді, әкімшілік іс аяқталды.

А.Төлеу, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының                                        кеңсе бас маманы — сот отырысының хатшысы                      

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...