Сотталған әйелдер Халықтар бірлігі күнін атап өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнін атап өтті. Іс-шара еліміздің аумағында тұратын халықтардың ұлттық киімдеріндегі салтанатты шеруден басталды.

Мекеменің кәмелетке толмаған тәрбиеленушілері «Халықтар достығы» атты бірыңғай суретті салып, көрсетті.

Сондай-ақ, сотталған әйелдер арасында волейболдан және үстел ойындарынан жазғы спорт маусымының ресми ашылу салтанаты өтті.