Сотталған достарына деген сағынышын өлең етіп жазды

Достықта шекара, кедергілер жоқ. Адал дос әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді,- дейді № 68 мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталған Ш.есімді азаматы.

Қамаудағы бұл азамат ҚР ҚК- нің 188- бабының 1-бөлігі (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.

Бостандыққа шығуына 6 ай қалды.Төртжарым жылын темірторда өткізген жазасын өтеушінің айтуы бойынша, қолдағы барды қанағат тұтпай, тез байып кетуді ойлап, мал ұрлығын жасаған.

Темір терезе, темір есік,суық қабырға оның жақындары мен достарына деген сағынышы мен мейірімін арттырды.

Алғаш мұнда түскен кезде уақыт өтпейтіндей болатын. Жұмыс уақытынан бос кезде мекеме кітапханасына барып, кітап алып оқыдым. Бұл менің әдетіме айналды. Осы уақытқа дейін 53 кітап оқып шықтым. Оқығандарымның ішінде поэзиялық шығармалар басым. Бала күнімнен М.Шахановтың поэмаларын жаттап өстім.

Оқушы кезімде белсенді едім.Әртүрлі іс-шараларға қатысатынмын. 7-сыныпта М.Шахановқа арналған поэзия кешінде ақынның «Достық өлкесінің заңы» деген тақырыптағы поэмасын жатқа айтып, мақтау қағазын алғанмын. Сыныптас достарым мұнда сәлемдеме әкеліп тұрады.

Биыл мектеп бітіргенімізге 20 жыл болды. Кездесу кешіне бара алмадым. Бірақ, достарыма деген жылы лебізімді қағаз бетіне түсірдім.

Қалам алып хат жаздым достарыма

Бір сыныпта оқыған кластастарыма

Адасып, аяғымды шалыс басып,

Істі болып бола алмадым орталарыңда.
Темір торда бұл күндері жабығамын.
Қалың мұңға беріліп торығамын.
Бағалай алмаппын көп сәтттерді,
Бас қосқан күндерімді сағынамын.

Атырып жүрмін өздеріңсіз таңымды.

Ортаға алыңдар, жалғызсыратпай жарымды.

Сендер айтқан әзілдер маған естелік

Жабыққанда жадыратар жанымды.
Мерзімім мұнда аяқталуға аз қалды
Тағдырым қайта тоғыстырар жолдарды.
Маңдайыма жазғанға шүкір деймін,
Өздеріңдей аңқылдаған достарды.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...