Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесі жанындағы колледжде 2023 жылдың 27 маусымында «Диплом табыстау-2023 ж» салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында колледжіміздің директорының міндетін атқарушы Аксира Шияповна Сулейменова және мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жанна Газизовна Дангиева түлектерге ізгі тілектерін айтып, ақ жол тіледі. Бүгінгі таңда Шаштараз және Тігінші топтар бойынша 30 түлек колледж қабырғасында алған барлық білім мен дағдыларын, қабілеттерін көрсетіп, дипломдарын қолдарына алды. Сонымен қатар жыл бойы ұйымдастырылған шараларда белсенділік танытқан студенттер алғыс хатпен марапатталды. Болашақта алған білімдері өз ісінің маманы болуға көмектеседі деген сенімдеміз.


