12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар кітап көрмесіне барды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37мекемесінің(қауіпсіздігі барынша төмен) тәрбие бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтарды Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына алып барды. Ондағы мақсаты — олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.

Кітапхана қызметкері сотталған азаматтарға кітапхана тарихы, кітапхана қорындағы кітаптармен,кітап көрмесіне шолу, » Интернеттік оқу», «Қол өнер», » Коворкинг» залымен таныстырды.

Кітапханадан кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар қызықтырса іздегеніңіз табылатынын, оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек,-деді кітапхана қызметкері.
«Мен мекеме кітапханасынан көбіне тарихи кітаптарды алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың молайады, есте сақтау қабылетін артады. Өзім сияқты азаматтарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...