1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ мәдени танымдық деңгейін дамыту мақсатында АКАӘПТЖБ- қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
«Бірлік- татулық белгісі» тақырыбында іс- шара өткізілді. Аталған іс-шараға мекеменің шаруашылық бөліміндегі жазасын өтеуші азаматтары қатыстырылды. Олар әртүрлі КТК ойындарынан әзілдер құрып, ән салып,би биледі. Бұл мәдени шараның біздер үшін маңызы зор болды. Іс- шараға қатыса отырып, бірлесе отырып, әзіл-қалжың ойлап таптық.
Бұл жағдайда көңліміз көтеріліп, санамыз сергіп, келешектегі мақсаттарға жетуге талпыныстарымыз артты.
Біріміз гитара тартып,әуезді ән салдық. Мен домбырамен сүйемелдедім. Сварщик жігіт кавказ халқының биін биледі.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекеге мектепте, колледжде жүргенде қатысушы едім.
Өнер жан дауасын емдейді. Мұнда барлығымыз бір үйдің баласындай татумыз- деді, С. есімді сотталған азамат.
— Сотталған азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу, мақсатында әртүрлі тәрбиелілік іс-шаралар ұйымдастырамыз.
Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің өнерге деген оң көзқарастарын көрсете білді,— дейді жасақ бастығының м.а әділет лейтенанты Н.Абдраманов
Іс-шара соңында аса белсенділікпен атсалысқан азаматтар мен жеңімпаздарға мекеме басшылығының атынан алғыс хаттар тапсырылды.


