Алматы Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ның № 14 мекемесіндегі сотталғандар арасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделханұлы Әлдибековтың қатысуымен әдеби-сазды кеш өткізілді.
Жазалы жандар ортасында болған ақын Бақыт Беделхан өзінің сыршыл да зор мазмұнды өлеңдерін шабыттана оқыды.
№14 мекемдегі сотталғандар арасынан да қазақ және шетел ақындарының өлеңдерін жатқа оқығандар ақынмен кездесудің мазмұнын арттыра түсті.
Аталған іс-шараның мақсаты – Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының талаптарын орындау және сотталғандарға тәрбие беру мен әлеуметтік қарым-қатынасты арттыру. Қазаққа белгілі ақын Бақыт Беделханмен болған кездесуге сотталғандар көтеріңкі көңілмен ат салысып, ақынға өз алғыстарын білдірді.


