Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып, Отан қорғаушылар күнінде Түркістан қаласында тұратын соғыс ардагерінің үйіне барып, 9 мамыр мерекемесімен құттықтап және үй шаруашылығына, ағашын жарып, жерін аударып, көшеттер отырығызып қолқабыс етті.
Аталған игі шараға еріктілер мен қатар жеті пробация қызметінің есебінде тұратын азамат жұмылдырылды.
«Қайрымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Түркістан қалалық пробация қызметі ардагерлерге, жағдайы төмен және жалғыз басты қарттарға үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Жеті сотталған азамат өз еркімен Түркістан қаласында тұратын ардагер үйіне барып, ауласының шөптерін қоқыстан тазартып, қурап қалған тал ағаштарын кесіп, отын-суын дайындап берді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдурасилов 1922 жылы дүниеге келген. 1 Украина, 1 Беларусь майдандарында соғысқа қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», І-ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» және де тағы да басқа медальдармен марапаталған. Бейбіт өмірде Түркістан қаласы экспедициялықавтокөлік кәсіпорында жүргізуші болып жұмыс жасап, 1982 жылы зейнетке шыққан.
Жаза басып қателікке бой алдырған сотталғандарға Ұлы Отан соғысы ардегерінің ерен еңбегімен таныстырып, ол кісінің соғыс кезіндегі әңгімелерін тыңдап, келер ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін өз өмірін қатерге тіккен майдангерлердің еңбегін тыңдап қайтты.
– Біздің пробация қызметінің есебінде тұрғандар және жастар ресурстық орталығының еріктіліремін бірлесіп осындай қайрымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз. Жалпы, қайырымдылық іс-шарасы 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Аталған шараны өткізудгі мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыру. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау болып табылады. Есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектесуге ықпал жасау. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Сондай-ақ, оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы Ұлы Отан соғысының ардагерімен танысып, ол кісінің майдан кезіндегі әңгімелерін тыңдап, ардагер атамызға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, — дейді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Арсыланбек Бесенеев.
Отан қорғаушылар мерекесінде құттықтап келген және үй шаруасына көмек көрсеткен пробация қызметінің қызметкерлері мен еріктілерге ардагер ата өзінің алғысын білдіріп батасын берді.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы


