12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар арасында шығармашылық сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде сотталғандар арасында облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының демеушілігімен «Отан — отбасынан басталады» тақырыбында шығармашылық сайыс өткізілді. Аталған шараға 12 сотталған қатысып, қазақ және орыс тілдерінде өз отбасылары жайлы шығарма жазды.

«Мекеменің теолог мамандары ұйымдастыратын шараға барынша жиі қатысуға тырысамын. Бүгінгі шығармашылық сайыс отбасы тақырыбында болды. Шығарма жазу барысында отбасымның жанында өткен сәттерге қайта оралғандай әсерде болдым. Әр жазған сөзім жанұяма деген сағынышымды одан әрі күшейте түскендей. Әркез есімізден шықпайтын жақын жандарымыз жайлы ойдың барлығын қағаз бетіне түсіруге себеп болған мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», — деді сотталған азамат.

Жазылған шығарманы арнайы мамандар тексеріп, үздік деп танылған І, ІІ және ІІІ орын алған сотталғандарды 5000, 4000 және 3000 бірлікті, қалған қатысушыларды ынталандыру сыйы ретінде 2000 бірлікті «тарлан карт» карталарымен марапаттады.

Шара соңында сотталған азаматтар мекеме әкімшілігі мен дін істері басқармасына өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараның көптеп өтуін сұрады.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...