Сотталғандар арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді

ҚР ІІМ-нің бастамасымен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Келес аудандық Пробация көлемінде сотталғандар арасында құқықбұзушылықтын алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Аудандық пробация есебінде тұратын 60-қа жуық сотталған азаматтарды аудандық пробация қызметіне шақырып, оларға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында есепте тұрғандарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек түрлерін алу туралы да айтылды.

Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған екі азамат пен бір азаматша анықталды. Оларға қатаң ескерту жасалды. Енді олардың тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда олардың істері сотқа жолданатын болады, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...