Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 6 шілде Астана күніне орай спорттық іс- шара өтілді.
Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері А.Әбсадықов Қ.Құдайбергенов пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.
Шара барысында алдымен, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Ниязов іс-шараны ашық деп жариялап, Астана күнінің тарихы жайында айтып өтті.
Одан соң, қатысушылар мемлекеттік әнұранды орындады.
Жазсын өтеушілер арқан тарту мен кір тасын көтеріп, ләңгі теуіп жарысқа түсті.
Жарыс қызықты өтті. Қортынды нәтижиесі ретінде, көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды. Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айрылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді.
Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады- дейді, бөлім бастығы міндетін атқарушы Н.Ниязов.


