Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету басты назарда

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Бұл бағытта өңір бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар ауқымды істер атқарып келеді. Мәселен, «Рахым»  әлеуметтік көмек көрсету орталығы түзету мекемелерінен босаған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу,  жазасын өтеп шыққан жандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік   қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту және біліктілігін жетілдіру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы қоғам өміріне кіріктіру әрі өмірлік қағидасы мен құндылықтарын қайта қарауға көмектесу бағытында бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырды.

– Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табуында, осылайша мемлекеттің саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау қажет, сотталған азаматтар «Рахым» әлеуметтік орталығы қызметкерлерінің кәсіби кеңесіне жүгіне алатындығын, алдағы уақытта  құқықтық, психологиялық және   кәсіптік тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылатыны, жазасын өтеп шыққандарға арнайы сертификаттар табысталатыны» жоспарланып жатқанын атап өтті «Рахым» басшысы Б.Шерәлиева, сонымен қатар, бүгінде бұл қор шетте қалмады, атап өткенде Медеу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Республикалық протездік-ортопедиялық орталығында екі аяғы жоқ, мүлде дәрменсіз, протез күтіп жатқан бірінші топтағы мүгедек азамат И.Ченцовқа Медеу аудандық пробация қызметі мен «Рахым» әлеуметтік орталығы бірлесе отырып, ақшалай және де азық-түлік себетімен көмек көрсетті.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесі елдің негізгі заңымен бекітілген....

Дербес кассациялық сот құрудың маңызы

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот жүйесінің тиімділігі мен әділдігі...

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі артты

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы...

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы сот төрелігінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуында азаматтардың, соның ішінде...

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...