12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету — басты назарда

23.01.2024 жылы Алматы қ. «Медеу аудандық прокуратурасының мен Рахым» әлеуметтік үйінің ұйымдастыруымен, Медеу аудандық пробация бөлімінің есебінде тұрған сотталғандырдың ішіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларды жинап,  «Рахым» әлеуметтік орталығында «Пробация қызметінің мақсаты – шектеу жазасы мен шартты түрде сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету» бағытта пробация қызметі бөлімінің басшысымен бірлесіп «Іскер ісі» әлеуметтік жобасы аясында, кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесіге өңір бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар атқарып жатқан ауқымды істерін жеткізіді. Мәселен, «Рахым»  әлеуметтік көмек көрсету орталығы түзету мекемелерінен босаған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу,  жазасын өтеп шыққан жандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту және біліктілігін жетілдіру бағдарламалары мен әлеуметтік жобас аясында қаржылық және құқықтық біліктіліктерін арттыру мақсатында  жүзеге асыру арқылы қоғам өміріне кіріктіру әрі өмірлік қағидасы мен құндылықтарын қайта қарауға көмектесу бағытында бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырғандары туралы, сонымен қатар, сотталған азаматтар «Рахым» әлеуметтік орталығы қызметкерлерінің кәсіби кеңесіне жүгіне алатындығын, алдағы уақытта  құқықтық, психологиялық және   кәсіптік тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылатынын, жазасын өтеп шыққандарға арнайы сертификаттар табысталатыны» жоспарланып жатқанын атап өтті «Рахым» басшысы Б.Шерәлиева, жазасын өтеп келгендердің қоғамнан өз орнын табуына, аяқтан тұрып кетуіне көпшілік болып үлес қосу қажеттігін тілге тиек етті.

Заңнамадағы толықтырулар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған адамдарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар тарапынан қылмыстың қайталануына ықпал ететін факторлардың алдын алу және оларды қысқартуға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету мүмкіндіктерінің кешенді жүзеге асырылу механизмін жаңғырту мен дамытуда басты рөл ойнайтындығын айтты Медеу аудандық прокуратурасының бөлім бастығы  Ерлан Темірбекұлы .

– Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табуында, осылайша мемлекеттің саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау қажет. Сондықтан, оларды қайта дайындау, оқыту, үшін кәсіпкерлік тұрғыда көмектесу қажет. Оларға білім алуға, мамандық игеруге, жұмыспен қамтылуына, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалтудың негізгі механизмі  болып табылады.

Кездесу барысында қаржыгерлер, медиаторлар, жеке сот орындаушылары палатасының заңгерлері тарапынан Медеу ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қаржылық сауаттылықтарын  арттыру бойынша кеңес беріп, нұсқамалары мен сілтемелерді көрсетіп өтті.    

Атап айтқанда бұл семинарға 17 адам пробация қызметінен қатысып кеңес алды, және де көп бабалы аналарға құқықтық көмек көрсетіліп, әрі қарай жәрдемақы алу және сілтемеделердің жолын көрсетті, қазіргі таңда өзекті болып табылатын мәселе ол жұмысқа орналастырудың проблемалары, әсіресе ресми түрде жұмысқа кіреалмайды, себебі несие алып, төлей алмай есепшоттары бұғатталған тұлғалар құқықтық, психоллогиялық, және әдістемелік көмек алды.

Сондай-ақ, «Еңбек», «Қолдау» бағдарламасы бойынша бөлінетін гранттар мен  жәрдемақыларды тіркеу, АӘК алу жолдары  заң аясында түсіндірілді, әр сотталған тұлғаға күнделікті тұрмыста қажет болатын заттар таратылды. Кездесудің басты мақсаты – ол жазасын өтеп жатқан тұлғаларды жұмыспен қамту маңызды екенің атап өтті. Кездесу барысында жазасын өтеушілер мен ұйымдардың өкілдері өзара пікір алмасып, қызықтырған сауалдарына жауап алды, бас қосу соңында түзетудің түпкі бір әдісі сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу, және түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайтынын, жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталғандар үшін мұның үлкен мүмкіндік екендігін Алматы қаласының Медеу ауданының прокуроры Найля Қанатқызы атап өтті.  

Медеу аудандық пробация қызметі, Алматы қ

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...