Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VІ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 26-бабының 1 тармағындағы «Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар» деген талабын түсіндіру мақсатында №55 мекеме ғимаратында адвокаттар С.Алиева, А.Юлдаш, Н.Стамкулов және заңгер Е.Шалхардың қатысуымен жалпы 81 жазасын өтеушілер ішінен 64 жазасын өтеушіге құқықтық сипаттағы көмек, ал 15 жазасын өтеушіге және 2 мүгедек жазасын өтеушіге Заңның 26 бабының 2 тармағындағы «Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі», яғни басты МКЗК шеңберінде құқықтық көмек көрсетілді. Кездесу барысында семинар кеңесіне қатысушылар, яғни жазасын өтеушілер өздеріне тиісті құқықтық көмектер алып, өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер тарапынан көрсетілген құқықтық көмекке өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттада осындай іс-шаралардың міндетті түрде ұйымдастырылуы жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын артыруға өз үлесін қосатынын көрсетті.


