Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде тарих пен тағлымды ұштастырған қасиетті құрбан айт мерекесіне орай, экстремиз және террроризм баптары бойынша сотталған азаматтарына «Құрбан айттың ислам дініндегі маңызы қандай?» деген тақырыпта түсіндірме жұмысын жүргізілді.
Осы мақсатта « Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорынан арнайы шақыртылынған маман, Дастанбекқызы Ұлбибі оқшауланған аймақта ұсталынатын сотталғанған азаматтарына «Ислам ғылымхалы» кітабындағы Құрбан айттың маңызы жайлы Құран мен хадистер бойынша құнды мәліметтертерді айтып берді.
-Кезінде дұрыс емес діни білімсіздіктен теріс көзқарасты бағытта қылмыс әрекеттері бойынша жазаға тартылған бұл азаматтардың біраз жылдары темір торда өтуде.
Санасы уланған жандармен оңалту жұмысын жүргізуде мекеме теологтарымен бірлесе отырып, олардың көзқарасын оң бағытқа өзгертуде кез-келген мәселеде қолдау көрсетіп, діни бағыттағы түсіндірме жұмыстарын атқарып келеміз.
Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс. Айтта сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан.
Сондықтан бүгін 7 жазасын өтеуші азаматқа айттық сыйлық ретінде Тарлан төлем картасын әкеліп табыстадық.
Және оны жәйден-жәй бере салмадық. Тәрбие бөлімі ұйымдастырған кір тасын көтеру бойынша жеңіске жеткен 5 азаматқа табыстадық. Сыйлықтарымызға сотталғандар разы болды. Мұнда келіп түскелі мекеменің теологтары әртүрлі әңгімелер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Барша мұсылмандарды Құрбан айт мересімен құттықтаймын. Жиырма төрт сағат бойы төрт қабырғада отырып,зерігесің. Бүгін міне кір тасын 52 рет көтеріп, 5 мыңдық Тарлан картасын ұтып алдым ұйымдастырушыларға рахмет –деп,ризалығын білдірді жазасын өтеушінің бірі.


