Сотталғандарға сенімділік силаған тренинг

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД –ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің аға психологы,әділет аға лейтенанты АКАӘПТЖБ-нің кешенді жоспарына сәйкес, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарына «Менің болашағым өз қолымда» тақырыбында арттерапиялық тренинг ұйымдастырды.

Тренингке № 60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог маманы Кульбаева Шынар мен № 37 мекемесінің аға психологы А. Аманова арнайы шақыртылды.

Бүгінгі сотталғандар арасында бостандыққа шығуына 2-3, 6 айдай уақыт қалғандары да бар.

Жаза мерзімінің аяқталуына аз-ақ уақыт қалған қамаудағы бұл азаматтарды еркіндікке шыққан соң қоғамға қалай кірігіп кетер екенмін, отбасым, балаларым, туыстарым қалай қабылдайдыекен ? деген сұрақтар мазалайтыны анық.

Міне осы ойлардан арылту мақсатында бүгін біз сурет салу арқылы «Менің мақсатым», «Мына дүние қандай тамаша» « Менің отбасым» тақырыбында тренингі өткізілді.

Сотталған адамның еркін өмірге көшуін жеңілдету үшін оны босату фактісіне де, оның алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге де физикалық, ұйымдық, экономикалық және психологиялық жағынан біртіндеп дайындау қажет.

Осыған орай, бүгін бұл топтағы азаматтарға ойларындағы суреттерді салуды өтіндік және аз уақыт берілді. Аяқталмаған суреттерді келесі қасындағы азаматтар жалғастырды. Осылайша қолдан қолға өтіп толықтырылған суреттерде сотталғандар өздерінің бостандыққа шыққанннан соңғы арман қиялдарын салған- дейді, психолог Ш.Кульбаева. Қамауға түскелі мен көп өзгердім. Мұнда ойлануға уақыт көп. «Менің болашағым өз қолымда» екенін түсіндім. Әр адам өз өмірінің суретшісі. Жақсы ой жақсылыққа жетелейтінін осындай тренингке қатыса жүріп нақ түсіндім.

Салған суретімде үлкен үйім, қымбат көлігім,бақытты жанұямды бейнеледім. Бұл армандарымның орындалатынына сенімдімін. Бұйыртса, енді үш айдан соң бостандыққа шығамын- деді,тренингке қатысқан сотталған 37 жастағы Ш.есімді азамат.

Тренинг соңында «қоқыс себеті» жаттығуы өткізілді, онда әр қатысушы өзінің жағымсыз қасиеттерін түзеткісі келетінін жазып,сол қағазды себетке жыртып тастады.

Психологтар қатысушыларға әрқашан өздеріне сенуді және айнаға қарап, табысты және бақытты адамның өмірін көруді тіледі.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...