Сотталғандарға кешенді тексеріс жүргізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиевтің бастамасымен жазасын ҚАЖД №60 мекемесінде өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шешімін таппай жатқан сауалдарға жауап беру мақсатында Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Л. мен 13 тар буынды мамандандырылған даригерлердің қатысуымен кешенді тексеріс жұмыстары жүргізді.
– Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай — күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Л. ҚАЖ департаменті бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиев сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы екенін атап өтті.
Кешенді тексеру барысында мамандар 150 — ге жуық сотталган азаматтарды қабылдап, 20 – ға жуық сотталғанды денсаулық жағдайына байлынысты портал кезегіне қойды. Сонымен қатар, жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 20 – дан астам сотталғанды тексеруден өткізіп, тиісті медициналық ем — шара ұсынды.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...