Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты мекеме қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорын өкілдерімен Қонаев қаласының әкімдігінде конференция өткізді.
Жиында, өзара іс-қимыл жасау мақсатында, сотталғандарды жұмыспен қамту және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірістерді кеңейту мәселелері бойынша шаралар қарастырылды.
Бос жұмыс орындары бойынша мәліметтерді, жұмыспен қамтылғандар бойынша электрондық базаға енгізу, оқыту жөніндегі бағдарламалар, босатылғаннан кейін сотталғандарды мемлекеттік қолдау және т. б. мәселелері де көтерілді.
Осылайша, «Mareven Heach» ЖШС, «FishProdEx» және т.б. сияқты кәсіпорындар мекемелерде бизнестерін ашу жайлы қызығушылықтарын танытты.


