Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері бірлескен отырыста қаралды

Алматы облысында ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде шағын және орта бизнесті тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Осыған орай, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12, 14, 49, 57 мекемелердегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді қарастыру үшін бірлескен кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Атамекен» палатасының, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму департаментінің, Қонаев қаласы мен Заречное ауылы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ прокуратура, «Еңбек-Жауғашты» республикалык мемлекеттік кәсіпорын филиал, Қонаев қаласының халықты жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысты.

Бірлескен отырыста, түзеу мекемелерінің аумағындағы шағын және орта бизнес мәселелері, бизнес үшін қолда бар жеңілдіктер, сондай-ақ  мемлекеттік тапсырыстарды алу мәселелері талқыланды.  

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...