12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

Жазасын өтеушілерді мекеме қабырғасында еңбекке тарту белгілі бір кезеңде жүзеге асады. Жазасын өтеушілер еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды.

Қылмыстық — атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында он төрт кәсіпкер кәсібін ашып, мерзімін өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі — РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталған екі ауысыммен тәулігіне шамамен 700 — 800 дана нан пісіріп шығаруда. Шығарылған нан №60, №68, №37 мекемелеріне үлестіріліп беріледі.

– Жеке кәсіпкерлік цехында наубайшы болып еңбек етудемін. Бір ауысымда екі адам болып жұмыс жатырмыз. Жалақымыз тындырған ісімізге байланысты тұрақты түрде төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Бастапқыда бұл істің жай — жапсарын білмегеніммен, қазір өз ісімнің маманымын деп айта аламын,- деді жазасын өтеушілердің бірі.

Жұмыспен қамтып отқан кәсіпкер тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру жоспарда бар екенін айтып, қоластындағы қызметкерлерің еңбегіне ризашылығын білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...