Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлының бастамасымен Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен мекеме қызметкерлері бірігіп мекеме аумағын тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасын өткізді. Негізінде сенбіліктер экологиялық мәдениет қалыптастыруға және мекеме аумағындағы тазалық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға қызметкерлер барынша атсалысып, өз үлесін қосып келеді, — деді мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.
Сенбілік кезінде қызметкерлер мен сарбаздар мекеме аумағын тазартып, ағаштарды ақтап, мекеме аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


