Сенбілік шарасы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлының бастамасымен мекеме аумағын тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы өтті. Сенбілікке мекеменің барлық қызметкері бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Негізінде сенбіліктер экологиялық мәдениет қалыптастыруға және мекеме аумағындағы тазалық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға қызметкерлер барынша атсалысып, өз үлесін қосып келеді, — деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы.

Сенбілік кезінде мекеме аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...