Семей қаласының №20 түзеу мекемесінің қызметкерлері желтоқсан құрбандарын еске алды

Семейде, №20 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын еске алу ретінде «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішінің алаңында бір минуттық үнсіздік сақтау рәсімі өтті.

Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші 2002 жылғы 13 желтоқсанда қойылған.  

Рәсімге келгендер желтоқсан көтерілісінде құрбан болған жастарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Еске салсақ, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына 30 мыңнан астам адам қатысқан. Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың орташа жасы 25 жыл болды.

№20 түзеу мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының Абай атындағы кітапханасына жол тартты.

Семей қаласының Абай атындағы кітапханасында мемлекеттік мереке қарсаңында кеңейтілген «Желтоқсан құрбандары» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге, Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздіктің бастауына жол ашқан, Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер қойылған.

Желтоқсан…Елім деп жастық шағын қиған боздақтарды еске алатын тарихи күн. Жыл сайын бұл уақытта  тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсаншыларды еске алу үшін қызметкерлермен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады- деді мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Мухаметжанов.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...