Сауранда ауданында сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыс саны біршама азайып келеді. Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебінде тұрған сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жүйесі жүйелі түрде атқарылып келеді.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға арналған қайта қылмыстың алдын алу және қылмысқа жол бермеу мақсатында пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Аталған шара Сауран ауданы Шорнақ ауылының мідениет үйінде өтті. Аталған шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев қатысты.
Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің бастығы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Қазыбекұлы.
Сонымен қатар, аталған шарада пробация есебіндегі соталғандар еркін форматта сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауап алды.


