Сайрам жастарының тәрбиесі – басты назарда

Сайрам ауданында полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алып, болдырмау мақсатында маңызы жоғары кездесу өтті. Жиында тәртіп сақшылары, басқа да тиісті сала мамандары, ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары ашық сұқбат жүргізіп, қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгіме өрбітті.

Нақтырақ айтсақ, №5 М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен кездесуге Сайрам АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Р.Ендібаев, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің бастығы Г.Т.Тынымбаева, қорғаншы және қамқоршы бойынша бас маманы Ғ.Т.Аширбаев, тәрбие әдіскері Қ.А.Мусаева, мектеп директоры Х.М.Пазаев пен мектеп әкімшілігі қатысты.
Іс-шара жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг және құқық бұзушылық пен қылмыстың орын алуына жол бермеу мақсатында, 8-11 сыныптың ұл балаларымен өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастарға қандай да бір тәртіпсіздік, теріс қылық жасамауға кеңес берілді. Олардың ата-аналарына полицейлердің ел тыныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына қолдау білдіруіп, балаларының тәрбиесіне көңіл бөлу керектігі ұсынылды. Ең бастысы әрбір ата-ана мен ұл-қыздары арасында тығыз байланыс болу ұғындырылды.

Мұндағы мақсат — жасөспірімдерді барынша жаманнан жирендіру, жақсыға баулу.
Өз кезегінде жастардың тәрбиесіне алаңдаушылық танытқан қызметкерлерге, мектеп әкімшілігі алғыстарын білдірді. Оқушылар сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Жалпы сайрамдық тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстар үнемі өткізіліп тұратынын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...