Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті №15 мекемесінде 4-ші маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай жаза өтеушілермен тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мекеменің САТЖӘПЖ бөлімінің жасақ бастықтары және мекеме қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі екенін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық Заң 2007 жылы 4-ші маусымда қабылданғанын және осы Заңға сәйкес жыл сайын 4-ші маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленетінін түсіндіріп, Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің шығу тарихы туралы ақпараттық бейнеролигі көрсетілді. Жаза өтеушілер ұйымдастырылған іс-шараға белсенділік танытып қатысты.


