Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі оқшауланған аймақтағы сотталғандармен кездесті

Қызылордадағы № 68 мемлекеттік мекемесіне ( тергеу изоляторына) Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Ақтөбе қаласы мешітінің бас имамы Күзенбаев Нұрлыбек Шахизадұлы  келді.

Осыған орай, мекеменің АКАӘПТЖБ – нің қызметкерлері мекеме қамауындағы экстремизм- террроризм бабы бойынша істі болып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Басты мақсат – оқшауланған аймақтағы сотталған азаматтардың діни сауаттылықтарын арттыру, оларға мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Сонымен қатар діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері жайлы айтып түсіндіру.

Кездесу барысында, Нұрлыбек Шахизадұлы діни экстремизм және терроризм идеяларын таратпау үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Яғни, сотталғандармен терроризм идеологиясының алдын алу, рухани-адамгершілікті жетілдіру тақырыбында  әңгіме өткізді.

Діни маман өз әңгімесін, деструктивті діни ағымдардың қоғамға, жеке адамның тұлға болып қалыптасуына тигізетін кері әсері және зардаптары жайында жан-жақты терең біліммен қамтылынған, мазмұнды түрде, мысал келтіре отырып баяндап берді .

«Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар», – деп хадис – шәріпте айтқандай сотталғандар кездесу барысында дін қызметкеріне өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Көбінде мекемедегі жазасын өтеушілер діни білімдері саяз болғандығына қарамай, кейде теріс ақпаратқа сүйеніп өз ойларын дұрыс деп санайды. Сондықтан бұндай теріс бағытты көзқарастағылармен табанды жұмыс жасау керек.

Бүгінгі келген қонағымыз, РАТТ мүшесі Нұрлыбек Шахизадұлының жүргізген түсіндірме жұмысы экстремизм – тероризм баптары бойынша сотталған азаматтардың ой-санасына қозғау салды деп ойлаймыз.

Бұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады – дейді, мекеме теологы Р.Рузиев.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...