РАТТ мүшесі сотталғандармен кездесті

Облыстық дін істері басқрмасы мен ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстары негізінде деструктивті діни ағымның алдын алу мақсатында «Нұр-Мубарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры, «Нұр-Мубарак» университетінің ұстазы, РАТТ мүшесі Нүсіпханов Тимур мекемедегі дінге сенуші ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында Т.Нүсіпханов «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Т.Нүсіпханов өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді. Сондықтан әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», — деді.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...