Психолог мамандар мекемеге келді

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  №11 мекемесінде  тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, кәмелетке толмаған жазасын өтеушілерге, мекеме психологы әділет капитаны А.Искакованың ұйымдастырумен тренинг және психологиялық тексеру жұмыстары өтті. Іс шараға Каспий Университетінің «Девиантты балалармен жұмыс жөніндегі бағдарлама» жетекші психологы А.К. Байздрахманова «Клиникалық психология» мамандығында оқитын 3-курс студентермен келіп, жалпы 16-психолог, кәмелетке толмаған жазасын өтеушілермен «Күміс техникасы» қиялмен жұмыс және «Бүркіт» сауалнамасы девиантты мінез құлыққа бейімділік бойынша әдістеме қолдана отырып, психологиялық жұмыстар жүргізді. Іс шараның соңында сергіту мақсатында, жасөспірімдерге студенттер қызықты тренинг өткізді. 

Іс шараның мақсаты: Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізу. Стресске төзімділікті ынталандыру, және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тұлғаларды өзара қарым-қатынас мәдениеттін дамыту, әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандыру, бүлдіргіш мінез-құлықты және төтенше оқиғаларды алдын алу мақсатында өтті. Жасөспірімдерді қайтадан қылымыстық жолға түспеуіне және өздерін ұстай білуге, өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Психолог мамандар алдағы уақытта, мекемеге жоспар бойынша келіп, жазасын өтеуші жасөспірімдермен психологиялық жұмыстар жиі жүргізіп тұрады. Бұл бағдарлама өзара қолдау туралы меморандум шеңберінде жүргізілді.

                                                                           №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...