Сот үкімімен қылмыстық ортада байланысы бар адамдар тобы бопсалау мен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Олар 2016 жылы елорда аумағында кінәлі тұлғалар өткізілетін аукцион қорытындыларына ықпал етуге және бизнес-кешен ғимаратын беруге уәде етіп, жәбірленушіден шамамен 300 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты алдау арқылы иеленіпті. Сонымен қатар қылмыскерлер жәбірленушінің қаржылық жағдайы туралы біліп, ұзақ уақыт бойы қоқан-лоққылар мен физикалық зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жәбірленуші мен оның танысынан ойдан шығарылған 120 мың АҚШ доллары көлемінде жалған қарызды бопсалаған.
Бұл қылмыстар 2021 жылға дейін ашылмай келді.Тек Астана қаласы прокуратурасының нұсқауларынан кейін ғана қылмыстық іс қайта жанданып, аса ауыр қылмыстар жасалғанын куәландыратын жеткілікті және жол берілетін дәлелдемелер жинақталды.Тергеу нәтижелері бойынша прокуратура айыптау актісін жасады.Сотта мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі туралы күмәнсіз дәлелдер келтірілді. Осындай шаралар нәтижесінде кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бүгінде үкім заңды күшіне еніп, қылмыскерлер түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы


